КІАҒЗИ-де ІҚА эндоскопиялық және морфологиялық диагностикалаудың өзекті мәселелері бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде

КІАҒЗИ-де ІҚА эндоскопиялық және морфологиялық диагностикалаудың өзекті мәселелері бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде

2024 жылғы 12-23 ақпан аралығында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де «Ішектің қабыну ауруларын эндоскопиялық және морфологиялық диагностикалаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтуде. Қазақстан өңірлерінен гастроэнтеролог, эндоскопист, патоморфолог, колопроктолог мамандар мен терапевт дәрігерлер біліктіліктерін арттыруда.

Ұйымдастырушылар: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы. Дәрігерлерге қашықтан оқуға мүмкіндік берілді. Спикерлер қатарында республиканың және шетелдің ішектің қабыну ауруларын диагностикалау және емдеу саласындағы жетекші мамандары бар. Айта кету керек, өткен жылдан бастап институт терапевтік мамандықтарды, оның ішінде гастроэнтерологияны дамытуға бағыт алды және біліктілікті арттыру циклдары қайта жанданды.

Курстың мақсаты: дәлелді медицина қағидаттарына және емдеу-диагностикалық, фармацевтикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес қабыну ауруларының мамандандырылған эндоскопиялық және морфологиялық диагностикасы және ІҚА дифференциалды диагнозы бойынша дәрігерлерді тереңдетіп даярлау.

Мұндай біліктілікті арттыру циклдары тыңдаушыларға ішектің қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеуде білім мен дағдыларды жетілдіруге көмектеседі.