Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінде колоноскопия – тоқ ішекті тексеру және бронхоскопия – кеңірдек пен бронхыны тексеру секілді зерттеулерден өтуге болады.
Колоноскопия:
- тоқ ішек ауруларына күдіктің туындауы;
- үлкен дәреттің бұзылуы;
- ерекше емес ойықжаралы колит, Крон ауруы және тоқ ішектің ісігіне қатысты жасалған операциядан кейін бақылау;
- тоқ ішекте полиптерді алып тастау секілді көрсеткіштердің болған жағдайында жасалады.
Тоқ ішектің скринингтік, профилактикалық зерттеулері де жүргізіледі.
Кеңірдек пен бронхты мұрын және ауыз арқылы эндоскопты енгізіп,
бронхоскоптың көмегімен тексере аласыз. Бронхоскопия трахеит, бронхит, пневмония, бронх демікпесі, қан түкіру, кеңірдек стеноздарын емдеу, ісіктерді диагностикалау және биопсия алу кезінде жасалады.