Алматы қаласы мен ел өңірлерінің тұрғындары үшін – диагностикасы күрделі аурулары бар пациенттерге республикадағы ең заманауи толық кардиопакеті және 3D-визуализациясы бар премиум-класты SCENARIA View 128 КТ аппараты қолжетімді болды. Заманауи бірегей аппаратта зерттеу Алматы қаласы бойынша тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жүргізіледі.
Клиниканың рентгенологтары кез-келген тексеруді 3 есе жылдам жүргізуге мүмкіндік алды, мысалы: жүрек бұлшықетінің атрофиясы кезінде КТ перфузиясы.
«Fuji SCENARIA View - пациенттің жайлылығы мен клиникалық функционалдықтың тамаша үйлесімі. Пациенттер үшін тексеру жүргізу барысында жайлылық маңызды. Пациенттер неғұрлым өздерін бос ұстаса, кескін соғұрлым айқын болады, бұл дәл диагноз қоюға және қажетті емдеу туралы бірден шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Науқасқа радиациялық әсері де азаяды. Сәулеленудің төмен дозаларында да КТ жүйесінің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы диагностикалық КТ арасында жақсы көрсеткіштерді қамтамасыз ететін толық кескіннің жақсы сапасына кепілдік береді. Жүрек соғу жиілігі жоғарылаған пациенттерді де тексеруге болады», - дейді ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
Үстелдің көтергіштігінің жоғары болуы тіпті салмағы 250 кг. ірі пациенттерді орналастыруға мүмкіндік береді, яғни қолын зорға көтеретін науқастарды сканерлейді (мысалы, семіздікпен зардап шегетіндер, қарт адамдар немесе жарақат алған науқастар).