КІАҒЗИ Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің Денсаулық сақтау индустриясы департаментінің директоры бастаған делегация келді

КІАҒЗИ Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің Денсаулық сақтау индустриясы департаментінің директоры бастаған делегация келді

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің Денсаулық сақтау индустриясы департаментінің директоры Чой Сын-Хён бастаған «KHIDI» Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының басшылығы мен Қазақстандағы институт өкілдерінің құрамындағы делегация келді.

Қонақтар қабылдау, сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия бөлімшелерінде, рентгенэндоваскулярлық оперблок, консультациялық-диагностикалық орталық және клиникалық-диагностикалық зертханада болды.

Басқарма төрағасының орынбасары Жамиля Қайбуллаева күрделі пациенттер емделетін төртінші деңгейдегі клиника болып табылатын ҒЗИ қызметімен таныстырды. Клиникада көрсетілетін медициналық қызметтер туралы, медициналық техникамен жабдықталғандығы туралы, ағымдағы жылы институт JCI халықаралық қайта аккредиттеуден өткені және Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын қайта растағаны туралы айтылды. Ол денсаулық сақтаудың ғылыми және практикалық кадрларын даярлау, өңір дәрігерлерінің біліктілігін арттыру, практикалық денсаулық сақтауда сұранысқа ие резиденттерді оқыту, елдің медициналық ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету туралы айтты.  

Қонақтарға әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтар көрсетілді. Бұл толық кардиопакеті және 3d бейнелеуі бар премиум-класс КТ аппараты; жақсартылған эхокардиография және қан тамырларын зерттеу мүмкіндігі бар жаңа буын ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі; пациенттерді диагностикалауға арналған «Phadia 250» автоматты ИХЛ-анализаторы. ImmunoCAP технологиясы ең дәл және сезімтал деп танылады, оның көмегімен әлемде аллергиялық аурулардың таралуы зерттеледі.

Сондай-ақ, кардиохирургиялық бөлімшеде ересектерге арналған кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалатыны туралы айтылды. ҒЗИ дәрігерлері LVAD операцияларын және донорлық жүрек трансплантациясын жасайды. Рентгенэндоваскулярлық оперблокта TAVI және басқа да жоғары технологиялық жүрек операциялары да жасалады. КДО-да КТ, МРТ, УДЗ сияқты диагностикалық қызметтер қолжетімді, сондай-ақ жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмектің барлық спектрі көрсетіледі.

Қонақтар құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.