Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ курортология бөлімімен клиникалық-диагностикалық зертханасында дәнекер тінінің негізгі жүйелік ауруларын дифференциалды диагностикалау және арнайы антиденелерді анықтау мақсатында иммуноблотинг әдісі (LIA) енгізілді.
Бұл әдіс науқаста ауру қоздырғыштың әртүрлі антигендеріне антиденелердің сирек кездесетін түрлерінің болуын растауға және сипаттауға мүмкіндік береді.
Лайн-блоттар бір сынақта 9-дан 20-ға дейін әртүрлі аутоантиденелерді анықтайды, бұл анықталатын көрсеткіштер спектрі бойынша басқа технологияларға қарағанда айтарлықтай басымдылық береді.