А.ж. 30 маусымда «Мемлекеттік тіл: жаңа ақпарат және озық тәжірибе» атты ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қазақ тілі маманы Замира Жантенова «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық конкурсының Конкурстық комиссиясының шешімімен «Жас дарын» төсбелгісімен марапатталды.
«Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты Республикалық конкурсын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы ұйымдастырды. Конкурсты өткізудің мақсаты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен денсаулық сақтау жүйесінде ҚР тіл саясатының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау болды.
Конкурс «Үздік медициналық ұйым», «Тіл жаңашыры», «Тіл ардагері», «Жас дарын», «Үздік сайт», «Үздік тіл маманы», «Даналық» және «Талаптыға нұр жауар» аталымдары бойынша өтті.
Біз Замира Жарылқасынқызын шын жүректен құттықтаймыз және оған мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның рөлін арттыруға бағытталған қызметіне мол табыс тілейміз!