2024 жылғы 4-7 қараша аралығында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қалқанша безінің радиожиілік абляциясы (РЖА) бойынша шеберлік класы өтті.
Іс-шараны Моңғолиядан шақырылған сарапшы BAT-IREEDUI PUREVBAATAR және интервенциялық радиолог Арман Ибраев басқарды. Шеберлік класы шеңберінде 8 пациентте РЖА процедуралары жүргізілді, сондай-ақ 18 адамға кеңес берілді.
Радиожиілікті абляция - бұл қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін кеспей, тыртықсыз емдеудің заманауи, аз инвазивті әдісі. Жылдам, қауіпсіз және тиімді!
Халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар — біздің пациенттерге сапалы көмек көрсетудің кепілі!