Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында мекеменің психотерапевті Рашид Азизов қызметкерлер үшін «Сovid-19 пандемиясы жағдайында медицина персоналының психофизиологиялық бейімделуінің негіздері» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында қобалжу, қауіп пен нормаланбаған жұмыс күні секілді жағдайлардың жоғары деңгейде болуын ескере отырып, экстремальды жұмыс істеу жағдайында байқалатын стрессті қалай жеңуге болатындығы туралы айтылды.
Тренингке қатысушылар өз кезегінде өздерін мазалап отырған қобалжу, қорқу және қауіптену сезімдерімен бөлісті. Тренердің көмегімен релаксация жасай отырып, клиниканың медицина персоналы эмоциялық күйін тұрақтандыра және психикалық қобалжуын баса отырып, өз ағзасынан беріліп отыратын белгілерге назар аударып, көңілін орнықтыруды үйренді.
Қазіргі жағдайда релаксацияның көмегімен осындай тренингтер өткізу әркімге өзінің қобалжу сезімдерімен күресуіне, күшін қалпына келтіруіне және физикалық ахуалының жақсы қалыпта болуына көмегін тигізеді. Релаксацияның түрлі тәсілдерімен танысу түпсана деңгейінде оларды қажет болған жағдайларда қолдана білуге және осы арқылы өзінің қуатын, денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Рашид Азизов көп жылдық кәсіби тәжірибесі бар Қазақстанның жетекші психотерапевтерінің бірі. Ол – эмоциялық стресс реакциялары саласында диагностикалау мен түзетудің жеке әдістемесінің авторы. Әлеуметтік жүйелердегі КІА ҒЗИ беттерінде психотерапевт психологиялық проблемалар мен оларды шешудің жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісетін болады.