Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында институт психотерапевті Рашид Азизов қызметкерлер үшін ұйқы проблемасы бойынша тренинг өткізді.
Тренинг барысында дәрігердің, оның ішінде орта медицина қызметкерлерінің мөлшерленбеген жұмыс тәртібі, түнгі кезекшіліктер секілді жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, осының барлығы ұйқы проблемасына әкелетіндігі айтылды.
Рашид Давлетович қатысушыларға ұйқысыздықтың не екендігін, оның неліктен пайда болатындығы, салдары мен күресу жолдарын түсіндірді. «Егер сіз аптасына 3-4 рет жарты сағат аралығында ұйықтай алмасаңыз немесе оянып кетіп, қайта ұйықтай алмасаңыз – ол созылмалы ұйқысыздықға душар болу», ал ұйқының қысқаруы артериялық қан қысымының жоғарылауына, тіпті мазасызданып, тоңазытқышқа жиі бару арқылы семіздікке, жұмыс істеу қабілетін жоғалтуға душар етеді» - дейді психотерапевт.
Тренинг барысында ұйықтар алдында таза ауаға серуендеу, ұйықтау үшін жайлы жағдай жасау, бөлмені желдетіп алу секілді кеңестер берілді. Сондай-ақ ұйықтар алдында ұялы телефонды пайдалануға болмайды, жақсы ойлауға тырысып, тәуелділікке әкелетін ұйықтататын дәрілермен әуестенбеу керек.
Сонымен қатар тренингке қатысушылар жаттықтырушымен бірге релаксация жасап, түнгі ұйқының тыныш және терең болуы үшін дене бұлшықеттерін, қол-аяқты бос ұстап, психикалық ширығуын басып, ағзадағы қан ағысын жақсартуды үйренді.