Ағымдағы жылғы 9 және 10 наурызда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының рентгенэндоваскулярлық операциялық блогының меңгерушісі Алексей Колесников Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының интервенциялық кардиологтары ұшін шеберлік сабағын өткізді.
Оның жетекшілігімен жамбылдық рентгенхирургтар күрделі дертке– коронарлық тамырлардың созылмалы бітелуіне шалдыққан үш науқасқа ота жасады. Коронарлық артерияның кальциленген зақымдануы бар 83 жастағы науқаста ротаблатордың көмегімен стенттеумен алдыңғы қарыншааралық тармақтың созылмалы окклюзиясын реканализациялау, 1942 жылы туған пациентке – стенттеумен созылмалы окклюзиясының реканализациясы, ал 48 жастағы науқаста – стенттеумен оң жақ коронарлық артерияның созылмалы окклюзиясының реканализациясы жүргізілді.
Ротаблатор атеросклеротикалық кальциленген бляшкалары бар артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған.
Айналмалы абляция және атероэктомия арнайы бұрғымен атеросклеротикалық бляшкалар мен күрделі кальциленген стеноздарды жоюға мүмкіндік береді.