Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ 2020 жылғы шілде айында 81 дәрігер резидентураны аяқтады. Олар: кардиологтар, эндокринологтар, гастроэнтерологтар, аллергологтар, нефрологтар және анестезиолог-реаниматологтар. Еліміздің өңірлеріндегі медицина ұйымдары осындай мамандарға мұқтаж болып отыр.
Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті кафедра оқытушыларымен бірлесіп резиденттерді бітіру емтиханына дайындау бойынша үлкен жұмыстарды атқарды. Екі кезеңмен өткізілген оқу бітіру емтиханының қорытындысы резиденттердің білімі мен практикалық дағдыларының жоғары екендігін көрсетті.
Сонымен қатар, Департамент резиденттердің еліміздің мемлекеттік медицина мекемелері – стационарлар мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына 100%-ға орналастырылуын қамтамасыз етті.
Резидентура бойынша сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру кезінде Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы Сауле Касенова дәрігер мамандарды резидентураны табысты бітірулерімен құттықтай отырып: «Құрметті резидентураны бітірушілер! Сіздердің еңбектеріңіз әр апта, әр сағат, әр минут сайын адамға тиесілі баға жетпес екі құндылық: денсаулық пен өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бізден алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыздың барлығын практикада табысты қолдана алатындарыңызға күмәніміз жоқ» - деп құттықтады. Ол кісі сонымен қатар болашақ дәрігерлерге денсаулық, карантин жағдайында жұмыс істеу кезінде өздерін күтуге тілек білдірді.
Сонымен қатар кафедра оқытушылары: функционалдық диагностика профессоры Сәуле Оразалина, реаниматолог Мұхтар Смаилов және т.б. резидентура бітірушілерін құттықтады.
Құрметті резидентура бітірушілері, жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!