КІАҒЗИ және МСҚ Алматы филиалының басшылары халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

КІАҒЗИ және МСҚ Алматы филиалының басшылары халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

2 шілдеде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ға Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан келді.

КІАҒЗИ-да МӘМС жүйесінде халыққа жоғары технологиялы медициналық көмек, ТМККК шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Жоғары технологиялы медициналық қызметтер диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурстарды қажет ететін және бірегей әдістерін қолдануды талап етеді.

Осыған байланысты Институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимов: «МӘМС шекаралары жыл сайын қаражат және көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінде кеңейіп келе жатқаны халқымызға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біз өз қызметімізде диагностика мен емдеудің жаңа және бірегей әдістерін кеңінен қолданамыз. Әрине, МӘМС — медициналық ұйымдарды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі, оның мүмкіндіктері жыл сайын кеңейіп келеді», - деп атап өтті ҒЗИ бірінші басшысы.

Қонағымыз клиникалық және параклиникалық бөлімшелерді аралауы барысында бөлімше меңгерушілері проблемалық мәселелерді қозғады. Мысалы, гендік-инженерлік (биологиялық) терапияға жұмсалатын шығыстар жайлы - КІАҒЗИ мамандары республиканың түкпір-түкпірінен аутоиммунды патологиясы бар пациенттерді емдеудің инновациялық және заманауи әдістерін, оның ішінде биотерапияны қолдануды енгізуде Ішектің қабыну аурулары, ревматоидты артрит, анкилозды спондилит, дәнекер тінінің жүйелік аурулары бар науқастар биологиялық препараттарды ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін алады. Алайда, пациенттердің бір бөлігі тұрғылықты жері бойынша қол жетімділіктің қиындығына байланысты стационарда емделуді жалғастыруда, өйткені инфузиялық препараттар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде берілмейді, сондықтан пациенттер клиникаға тіркеледі. Ауруханаға жатқызу жиілігі дәрі-дәрмектерді қабылдау жиілігіне байланысты.

2020 жылдан бастап қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық имплантациялау (TAVI) бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операциялар сәтті жүргізілуде, оның бірегейлігі шағын инвазивтілігінде. Институттың қызметі консультациялық диагностикалық көмектен бастап хирургиялық араласулар мен оңалтуға дейін көрсетілетін медициналық көмектің барлық спектріне халықтың жоғары сұранысын ескере отырып, жыл сайын кеңейіп келеді. Мәселен, ҒЗИ-да мамандар соңғы 2 жылда жылына 13-14 TAVI ғана жасайды, ал нақты қажеттілік жылына 50 процедураға дейін.

Кездесу барысында сондай-ақ жүрек тамырлары мен коронарлық артерияларды стенттеуге кезек күту, стенттеудің күрделі жағдайлары үшін шығындарды өтеу, жүрек ырғағының күрделі бұзылулары бар пациенттер үшін операцияға кезек сияқты мәселелер қозғалды, өйткені интервенциялық араласулар бір кардиохирургиялық бейінге біріктірілген, пациенттерге ыңғайлы болу және дәрігерлердің уақытын үнемдеу үшін сәулелік зерттеу әдістеріне жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігі және т. б.

Кездесу қорытындысы бойынша Ілияс Тұңғышқанұлы мамандардан ұсыныстар дайындауды сұрады және барлық мәселелерді зерделеуге уәде беріп, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.