Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 2023 жылы терапиялық мамандықтарды, оның ішінде гастроэнтерология саласын қайта дамытуға бағыт алды. ҒЗИ мамандары асқазан-ішек жолдарының патологиясын, оның ішінде ішектің қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеуде жоғары тиімді технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда бірнеше жылдан бері ІҚА ауруы өсу үстінде. Әрине, бұған ауруды анықтау мен диагностиканың жақсаруы, халықтың диагностикалық технологияларға қолжетімділігі, мамандардың хабардарлығы мен дайындығының артуы ықпал етеді.
Ағымдағы жылы институтта диагностиканың заманауи әдістері енгізілді: Крон ауруы кезіндегі тоқ ішек стеноздарының баллондық дилатациясы, тоқ ішектің бір баллондық ассистенттелген энтероскопиясы (интестиноскопия) - патологиялық өзгерістер үшін аш ішектің шырышты қабығын тексеруге мүмкіндік беретін эндоскопиялық зерттеудің заманауи және дәл әдісі, МР-энтерография – науқастың аш ішегінің егжей-тегжейлі бейнелерін алуға мүмкіндік беретін ауыртпалықсыз әдіс, бұл ішектің қабыну ауруларын диагностикалау және уақтылы емдеу мүмкіндіктерін ұлғайтады.
«Крон ауруы мен ойық жаралы колит жазылмайтын ауруларға жататынына қарамастан, оларды уақтылы дұрыс диагностикалау және емдеу арқылы аурудың ауыр түріне өтуіне жол бермей, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге болады. Осының арқасында ІҚА шалдыққан адамдар толыққанды өмір сүріп, еңбекке қабілеттілігін сақтай алады. Қазақстандықтарға қолжетімді диагностикалық процедуралардың кең ауқымынан басқа, әлемдік фарминдустрия емдеу үшін үнемі жаңа, тиімді препараттарды жасап келеді. Қазақстанда жыл сайын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсарып келеді. 2013 жылдан бастап заманауи қымбат биологиялық терапияны қоса алғанда, ІҚА ауыратын науқастар мемлекеттің қаражаты есебінен емделеді», - дейді №1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Гаухар Қожакеева.
«Стеноз түрінде аурудың асқынған (ішектің тарылуы) Крон ауруы диагнозы қойылған науқастардың бірі (50 жас) №1 терапия бөлімшесінде бірнеше рет стационарлық ем қабылдады. Емдеуден кейін пациентте аурудың тұрақты ремиссиясы байқалады. Ол сондай-ақ эндоскопиялық бөлімшеде емделді, оған бірнеше рет тоқ ішектің баллондық дилатациясы жасалды», - деп атап өтті эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова.
Науқастың айтуынша, оның ауырғанына 2 жыл болды. Ішектен қан кетіп, салмағы небәрі 37 кг болды, КІАҒЗИ-да оған бірден диагноз қойды.
Алманың дәрігерлер Гауһар Қабдолдақызы мен Алма Серікқызына алғысы шексіз. «Олар кәсіби шеберлігі жоғары, білікті мамандар. Қазір денсаулығым жақсы, тіпті салмақ қостым», - дейді ол.