2023 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында жақын және алыс шетелдердің сарапшыларының, оның ішінде Азия-Тынық мұхиты ревматологтар қауымдастығының басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен «Аутоиммунды аурулар: пәнаралық мәселелер» халықаралық ғылыми телекөпірі өтті.
Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ және Қазақстан ревматология алқасы.
Телекөпір барысында пациенттердің еңбекке қабілеттілігін және әлеуметтік бейімделуін сақтау мақсатында ревматологиялық ауруларды ерте диагностикалау және тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларын емдеудің заманауи әдістерін енгізу мәселелері талқыланды.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, Қазақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамының төрағасы Джамиля Қайбуллаева «Гастроэнтерологтың практикасында биосимилярларды қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Джамиля Ахтановна ішектің қабыну ауруларын емдеуге арналған биологиялық препараттардың кластарына, ІҚА биотерапиясының жаңа мүмкіндіктеріне, олардың иммуногенділігіне, биоаналогтардың генериктерден айырмашылығына және ревматологиядағы ең көп таралған биосимилярларға тоқталып өтті.
Ол сондай-ақ қатысушыларды Еуропа реттеуші органдарының (EMA) және EC пациенттер мен кәсіби қауымдастықты биосимиляр мәселелері жөнінде ақпараттандыру және оқыту бастамаларымен және биосимилярларға ауысудың әлемдік тәжірибесімен таныстырды.
КІАҒЗИ жетекші кеңесшісі, жоғары санатты ревматолог, профессор Ольга Машкунова ревматоидты артритті емдеудегі қазіргі тенденциялар туралы айтты: фокуста янус-киназ ингибиторлары.
Әсер ету механизмі әртүрлі препараттардың көптігіне қарамастан, пациенттердің көпшілігі ремиссияға жете алмайды.
Профессордың айтуынша, аурудың ремиссиясына қол жеткізу үшін және ауырсыну белгілерін, әлсіздікті, таңертеңгі буындардың қаттылығын азайту арқылы ревматоидты артритпен ауыратын науқастардың жағдайын жақсарту үшін терапиялық мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет.
Ол биологиялық агенттермен емдеу аталған диагнозы бар науқастарды басқаруда жоғары тиімділік көрсеткенін атап өтті. Биоагенттерді бірнеше апта немесе ай бойы жүйелі түрде көктамыр ішіне немесе тері астына енгізу құрылымдық зақымданудың алдын алуға, еңбекке қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда, науқастардың 30-50%-да клиникалық жауап болмайды.
Ревматоидты артрит терапиясының жаңа бағыты янус-киназ ингибиторларын қолдану болып табылады. Оларды ішу арқылы пациенттердің емделуге деген ұмтылысы артады. Қазіргі уақытта белсенді дамып келе жатқан селективті янус-киназ ингибиторларын қолдану жағымсыз дәрілік реакциялар қаупін азайтуға ықпал етуі мүмкін. Оларды қолданудың артықшылығы айқын және тұрақты әсер етуі болып табылады.