КІАҒЗИ ұжымы м.ғ.д., профессор Нұрлан Әбдіқалиевті жоғары мемлекеттік награда – «Парасат» орденімен марапатталуымен құттықтайды

КІАҒЗИ ұжымы м.ғ.д., профессор Нұрлан Әбдіқалиевті жоғары мемлекеттік награда – «Парасат» орденімен марапатталуымен құттықтайды

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы стратегиялық даму және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы, м.ғ.д., профессор Нұрлан Әбдіқалиевті жоғары мемлекеттік награда – «Парасат» орденімен марапатталуымен құттықтайды.

         Нұрлан Әбдіқалиұлы Жамбыл медициналық училищесін және Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Қазақ кардиология ҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер ретінде бастап, эксперименталдық кардиология зертханасының басшысы болып жұмыс істеді. 1993 - 1999 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде ғылым және жаңа технологиялар басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін ғылым, білім және кадр жұмысы басқармасының бастығы, экономика, ғылым және ресурстық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

1999 жылдан 2004 жылға дейін - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, 1-проректор болып жұмыс істеді. 2004-2013 жылдары - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорының ұйымдастыру және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2013 жылдан 2017 жылға дейін - КІАҒЗИ ғылыми хатшысы. 2017 жылдан 2021 жылға дейін - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ғылыми хатшысы-ғылыми-зерттеу жұмысы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 41 жыл.

          ЖАК теориялық медицина және фармация бойынша сараптамалық кеңесінің мүшесі, ғылыми хатшысы, төрағасы, «Медицина» және «Орталық Азия медициналық журналы» журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі болды, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. «За трудовую доблесть», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен, ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен марапатталған. Түркі әлемі кардиологтары қауымдастығының вице-президенті болған.

          Нұрлан Әбдіқалиқұлының 150 еңбегі, оның ішінде 66 мақаласы, 54 тезисі, 5 монографиясы, 1 нұсқаулық, 12 әдістемелік нұсқаулығы жарық көрген, 6 өнертабысқа авторлық куәлігі, оның ішінде 2 өнертабысқа патенті, 1 авторлық құқық туралы куәлігі бар.

Біз әріптесімізді мақтан етеміз, Нұрлан Әбдіқалиқұлы ұжымда беделді, зор құрметке ие тұлға, ұдайы өз тәжірибесімен бөлісіп, әріптестерінің кәсіби өсуіне ықпал етеді. Ол өте еңбекқор және білікті маман. Ұжым оның кәсіби шеберлігін және адами қасиеттерін жоғары бағалайды.