КжІА ҒЗИ-да Жапонияның профессоры Ёсио Ямаока эндоскопист және гастроэнтеролог дәрігерлерге арналған шеберлік класын өткізді

КжІА ҒЗИ-да Жапонияның профессоры Ёсио Ямаока эндоскопист және гастроэнтеролог дәрігерлерге арналған шеберлік класын өткізді

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Генетика және физиология институтының бірлескен жұмыс зерттеу тобы «Жаңа буын ДНК секвенциясы арқылы Қазақстандағы Helicobacter pylori микробиотасының популяциялық генетикасы және эпидемиологиялық сипаттамасы» атты халықаралық зерттеу жүргізу үстінде.

Жобаның бастамашысы – Жапония елінің H. pylori  бойынша танымал сарапшысы, профессор Ёсио Ямаока (Oитa университетінің медицина факультеті).

Зерттеуді жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 5-10 қазан аралығында Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында профессор Ёсио Ямаока эндоскопист және гастроэнтеролог дәрігерлер үшін биоптат алумен гастроскопия бойынша шеберлік класын өткізді.

Шеберлік класының барысында HP-оң және HP-теріс нәтижелері бар 30-дан астам адамнан биопсия алынып, гастроскопия процедурасы жүргізілді. Профессор сонымен қатар «Әлемдегі H.pylori эпидемиологиясы» тақырыбында дәріс сабақтарын өткізді.

Қатысушылар H. Pylori, бактериямен байланысты ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық әдістерімен танысуға мүмкіндік алды.