Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында білікті медициналық мамандардың тапшылығы мәселесінің өзектілігін және медицина саласындағы білім сапасын барынша арттыру қажеттігін атап өтті.
Осы орайда, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 1977 жылы құрылған күннен бастап ғылыми-тәжірибелік денсаулық сақтау кадрларын дайындап келе жатқанын айтқым келеді. Жұмыстың үш негізгі бағытының – ғылым, білім және клиникалық тәжірибенің үйлесімділігі заманауи денсаулық сақтаудың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары негізінде жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігіне адам ресурстарының деңгейі әсер етеді. Кадрлар денсаулық сақтау жүйесінің негізгі ресурстарының бірі болып табылады. Медицина қызметкерлеріне талап күшейтілуде.
Бүгінгі қазақстандық жастардың әлеуеті де, оны жүзеге асыру мүмкіндіктері де зор. Қазіргі жастар дәрігер мамандығын таңдауға саналы түрде қарайды. Бұл ретте олар өз ісінің білгір маманы деп танылған үздік медицина мамандарынан білім алғысы келеді.
2023 жылы институт танылған аккредиттеу органдарының білім беру қызметін бағалауынан тағы да өтті. Гастроэнтерология, ревматология, аллергология және иммунология, пульмонология, терапия бойынша білім беру бағдарламалары аккредиттелген. Сараптамалық комиссия КІАҒЗИ Қазақстандағы үздік медициналық ғылыми институттардың бірі ретінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз етуде жетістіктер көрсеткенін атап өтті.
Сарапшылардың оң бағасына ең алдымен институттың корпоративтік құндылықтары, сондай-ақ резидентураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін клиникалық базалардың бірегейлігі әсер етті. Сарапшылар медициналық тәжірибе мен ғылымдағы озық инновациялық технологияларды, түлектерге сұраныстың жоғары деңгейін, сондай-ақ білім беру саласындағы үздіксіз жетілдіру үдерісін атап өтті.
Биылғы жылы «Эндокринология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған резиденттер оқуын бітіріп, білім құжаттарын алды. Енді олар алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға дайын.
Жұмыс берушілердің пікірлері бойынша, институттың түлектері білім мен практикалық дағдылардың жақсы деңгейін көрсетеді. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының түлектеріне деген жоғары сұранысты олардың еліміздің практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында 100% жұмысқа орналасуы дәлелдейді.
2024-2025 оқу жылы резиденттер саны айтарлықтай өсті. Резидентураға 8 клиникалық мамандық бойынша 76 адам түсті, оның 55-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 16-сы жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен, 5-і ақылы оқиды. 2024 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша институттың резидентурасында 149 адам білім алуда.
Дәрігер қандай қасиеттерге ие болуы керек? Ең алдымен, ол мейірімді және мұқият болуы керек, яғни өзін емес, пациентті ойлау керек және диагностика мен емдеуге әсер ететін маңызды аспектілерге назар аудару керек.
Кәсіби маман болу керек. Кәсібилікті маман жұмыс істеген сайын дамытады. Теория мен тәжірибе – жақсы маман болудың тиімді формуласы. Біздің резиденттер оқудың алғашқы күндерінен бастап бөлімшелерде дәрігер болып жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, адам өз мамандығын сүйсе, ол нағыз маман бола алады,
Мақсаттарына жетуге ұмтылу керек. Ғылым мен техниканың дамуымен емдеу әдістері де өзгереді. Сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болғысы келетін әрбір маман дамып, үздіксіз оқу керек.
Медицина қазақстандықтардың өмірінің маңызды саласының бірі. Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын қаржы өсуде. Оны өзінің қызметімен және сапасымен емделушілерді тартатын клиникалар алуда. Ал біз халықаралық стандарттарға сәйкестігін қайта растаған және JCI қайта аккредиттеуінен өткен клиникалардың біріміз. Бәсекелестік жағдайында даму қарқын алуда.
Ең қажетті де игілікті мамандықты таңдаған резиденттеріміз бен жас дәрігерлеріміз дәрігер деген атқа лайық болып, ел халқының денсаулығын сақтайды деген сенімдемін. Олардың Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қабырғасында алған білімдері бүгінгі күн талабына сай және таңдаған мамандығы бойынша жемісті жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сайып келгенде, мұның бәрі пациенттердің игілігі үшін жасалады.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Марат Пашимов