Дәрігерлер - тек ауруларды емдеуші ғана емес, сонымен бірге адамгершілік құндылықтардың, шапағат пен мейірімділік қасиеттерінің иеленушілері. Осы құндылықтар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ әр қызметкерінің жұмысының негізінде жатыр. Олардың қатарында халық денсаулығын жақсартуда адал еңбек етіп жүрген жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт та бар.
Бұл бөлімшеде 2023 жылы 1259 науқас емделді, 2022 жылмен салыстырғанда науқастар саны 3,9% - ға өскен. Жүрек-ресинхрондау терапиясы, кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы, сол жақ жүрекше құлақшасының окклюдері сияқты жоғары технологиялық медициналық көмектің сұранысқа ие түрлері бойынша емделген жағдайлар саны арттқан. Сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің емделген жағдайларының саны артып отыр, олар: радиожиілікті/крио абляция, тұрақты электрокардиостимуляторды орнату және осындай операцияларды қажет ететін жүрек ырғағы бұзылған пациенттер санының көбеюіне байланысты катетерлік инвазивті электрофизиологиялық зерттеу.
Бөлімшеде ота жасатқан және ем қабылдаған пациенттер Бағдат Ахыттың, бөлімшенің дәрігерлері мен мейіргерлерінің жұмысына алғыстарын жаудырады.
Медицина қызметкері күні аясында Бағдат Әбдіқадырұлы және Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер Кеңесі Президиумының «Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы еңбегі үшін» медалімен Алғыс хатымен марапатталды.
Біз әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтай отырып, жұмысына тек сәттілік тілейміз!