Медицина қызметкері күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының 44 қызметкері марапатталды.
Наградаларды тапсыра отырып, Басқарма төрағасы Марат Пашимов: «Біздің еңбегіміз терең білім мен жоғары шеберлікті ғана емес, сондай-ақ ерекше адамгершілік қасиеттер: мейірімділік пен ізгілікті талап етеді. Мен Сіздерге адал еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге, жақындарыңызға амандық, кәсіби табыстар, мықты денсаулық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!», -деп өз лебізін білдірді.
«Еңбек ардагері» медалі эпидемиолог Гульнар Тулеповаға, зертхана маманы Наталья Модинаға және инфекциялық бақылау мейіргері Лариса Зиноваға табыс етілді, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен күндізгі стационардың аға мейіргері Аманкул Киргизбаева, клиникалық-фармакологиялық бөлімнің басшысы Айгуль Бактыгалиева, медстатистика бөлімінің меңгерушісі Айнаш Малаева және бас бухгалтер Аққаным Хамзина марапатталды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Джамиля Қайбуллаева, емдеу мәселелері жөніндегі директоры Гульнара Оспанова, күндізгі стационар меңгерушісі Бағдат Куттыбаева және рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесников марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасына кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Асемгуль Амантаева, фукциондық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекова, аллерголог дәрігер Жадыра Оразбаева және зертхана маманы Аида Байқазақова ие болды. Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттары аға мейіргер Ранагуль Турсыноваға, мейіргер Гульдана Смагуловаға, санитар Назира Арғынбаеваға және Кымбат Жолаушыбаеваға табысталды.
6 қызметкер С.Асфендияров ҚазҰМУ атынан «Еңбек ардагері» медалін, Алтын, Күміс, Қола медальдарын, Құрмет грамотасын және Алғыс хатын алды, 5 маман - ҒЗИ әкімшілігінің грамотасымен, орта және кіші медицина қызметкерлері қатарынан 4 қызметкер-Алмалы ауданы әкімінің грамоталарымен, 10 адам - Институт кәсіподақ комитетінің наградаларымен марапатталды.