Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Наградалармен марапаттай отырып, Басқарма Төрағасы Марат Пашимов: «Дәрігер болу - бұл ерекше мінезге ие болу деген сөз, дәрігер - бұл жанның қалауы, тез шешім қабылдау, жұмысқа толығымен берілу, басқа адамдардың өмірі үшін үлкен жауапкершілікті алу. Бұл күні мен әріптестеріме кәсібилігі, өз кәсібіне адалдығы үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздерге тек биіктерден көрінуді тілеймін», -деді.
Бұл күні, «Еңбек ардагері» медалі м.ғ.д., профессор Сауле Касенова мен РАЦ мейірбикесі Алтын Сатоваға берілді, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің басшысы Лаура Даньярова, кардиолог дәрігерлер Айгүл Сахауева және Мухабатхан Тохтасунова, реанимация және қабылдау бөлімдері мейіргерлері Камила Жакуова мен Айгуль Алиева марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен КДЗ басшысы Бибинур Кожабекова, функционалдық диагностика дәрігері Гульжаугар Биекенова, КДО кардиолог дәрігері Гульнара Удербаева және өңірлермен жұмыс бөлімінің басшысы Раушан Жарылкасынова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен кардиохирургия, РЭВХ, эндоскопия және СЖЖ бөлімшелерінің аға мейірбикелері Талшын Есенова, Сания Ильяс, Гүлмира Бұғыбаева және Ерканат Токмолдаев, министрліктің Алғыс хатымен шаруашылық бикесі Кулайхан Токеева, санитар Райгуль Тукумбаева және күзетші-вахтер Ерланбек Сатылганов марапатталды.
Сонымен қатар, клиника басшылығы Түркияға сапарға жіберу арқылы үздік мамандарды ынталандыру мүмкіндігін қарастырды. Олар: интервенциялық кардиолог Алмат Қалжанов, КДЗ маманы Аида Байказакова және инфекциялық бақылау мейіргері Лариса Зинова.
Сондай-ақ, ҒЗИ әкімшілігінен Алхыс хат, С.Асфендияров ҚазҰМУ атынан алтын, күміс, қола медальдар және кәсіподақ комитетінен марапаттар табысталды.