8 ақпанда Алматыда өтіп жатқан медициналық туризм бойынша Үндістан-Қазақстан конгресі аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен Үндістан делегациясы келді. Делегация құрамында CK Birla Hospitals вице-президенті Амит Шарма, Раджагири ауруханасының, Аполло госпиталінің және Азия гастроэнтерология институтының бас менеджерлері Jose Paul, Gaurav Thakral, Sandeep Ingle бар.
Институттың Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жәмиля Қайбуллаева қонақтарды клиника қызметімен, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Израиль, Литва және т.б. жетекші медициналық орталықтарымен ынтымақтастық туралы қысқаша таныстырды.
Қонақтар электронды кезек терминалы мен электронды табло орнатылған, бөлек триаж аймағы бар қабылдау бөлімшесінің күту залында, ультрадыбыстық және сәулелік диагностика бөлімшелерінде болды. Мұнда толық кардиологиялық пакеті және 3D визуализациясы бар республикадағы ең заманауи премиум-класс КТ аппараты күрделі науқастар үшін қолжетімді. Мұндай соңғы буын бірегей аппаратында зерттеулер Алматыда тек Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жүргізілуде.
Сонымен қатар, делегация кардиохирургия, №1 терапия, эндоскопия бөлімшелерін және рентгенэндоваскулярлық операциялық бөлімді аралады.
Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев клиникада кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері, соның ішінде Алматыдағы алғашқы LVAD операциялары және донорлық жүрек трансплантациясы жасалатынын айтты. Институттың жүрекке аз инвазивті операциялар жасауда үлкен тәжірибесі бар. ҒЗИ-нің кардиохирургтарының тәжірибесі жүрекке ең күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді.
Рентгенэндоваскулярлық операциялық бөлімінің меңгерушісі Алексей Колесников қонақтарға халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңартылған операциялық блокты көрсетіп, ғылыми-зерттеу институтында ТАВИ, қатты және кальциленген атеросклеротикалық бляшкаларды емдеудің өте тиімді революциялық әдісі - ротаблация сияқты рентгенэндоваскулярлық араласуларға тоқталды. Мұндай операцияларды тек жоғары білікті, тәжірибелі дәрігерлер және тек сараптамалық деңгейдегі клиникаларда жасайды.
№1 терапия және эндоскопия бөлімшелерінің меңгерушілері Гауһар Қожакеева мен Алма Хабижанова (олардың жұмысы өзара байланысты) ағымдағы жылы Крон ауруында тоқ ішектің тарылуын баллонмен кеңейту, ішек патологиясын диагностикалау үшін қолданылатын энтероскопия және MR энтерографиясы сияқты заманауи диагностикалық әдістер енгізілгені туралы айтып берді. КІАҒЗИ – ішектің қабыну аурулары бойынша сараптама орталығы, сонымен қатар эндоскопия бөлімшесінде патоморфологиялық зертхана бар, ол гистологиялық зерттеулерді дереу орнында жүргізуге мүмкіндік береді.
Қонақтар өз саласының жетекші маманы болып табылатын дәрігерлердің деңгейін, жаңа технологияларды, клиниканың жабдықталуын, емделушілерге жасалған жағдайларды атап өтті.
2023 жылы КІАҒЗИ-да 58 шетел азаматы, олардың ішінде Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Ұлыбританияның, Ауғанстанның, Германияның, Пәкістанның, Түркіменстанның, Түркияның, Тәжікстанның, Украинаның, Израильдің және АҚШ-тың азаматтары емделгенін атап өту керек.