Пациенттерге сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметінің негізгі басымдығы. Осы бағытта институтта Joint Commission International-JCI ауруханалары үшін халықаралық аккредиттеу стандарттары және Қазақстанның Ұлттық аккредиттеу сапасының стандарттары енгізілді.
Көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту үшін Пациенттердің қауіпсіздігі және сапаны жақсарту жөніндегі бағдарлама құрылды. Оны іске асыруға клиниканың барлық қызметкерлері, сондай-ақ пациенттер мен олардың отбасы мүшелері тартылды. ҒЗИ басшылығы пациентке көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша басым іс-шараларды айқындады. Бағдарламаны орындау тиімділігіне әлемдік озық тәжірибеге негізделген процестерді жоспарлау, жобалау және жақсарту арқылы қол жеткізіледі. Пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған барлық іс-шаралар бір-бірімен үйлестіріледі. Басшылық қызметкерлер арасында мәдениет пен жоғары этиканы қалыптастыруға ықпал етеді. Сапаны жақсарту және тәуекелдерді басқару саласындағы қызметтің негізгі ресурстары мен бағыттары айқындалды.
Айта кету керек, әрбір қызметкер сапалы, қауіпсіз, пациентке бағытталған медициналық қызметтерді ұсыну институттың имиджін және пациенттің сенімін арттыруға мүмкіндік беретінін түсінеді. Бұған 2021 жылы JCI халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аккредиттеуден өту және жоғары санатты ұлттық сапа стандартының сертификатын алу дәлел болып табылады.
«Сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару бөліміне Бағдарламаның басым бағыттарының орындалуына жауапкершілік жүктелген», - дейді бөлім басшысы, м.ғ.к. Гүлмира Әбдікәрімова. Бөлім қызметкерлері процестер мен процедураларды жақсартуға белсенді қатысады. Процестердің нәтижелілігі мен сапа индикаторларының көрсеткіштерін әзірлейді. Қызметкерлер оқытуды және трейсерлер әзірлейді.. Тәуекелдерді анықтап, оларды азайту үшін түзету шараларын жасайды. Болған оқиғалардың себептерін талдайды. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуде және өзектендіруде әдістемелік көмек көрсетеді.
«Сонымен қатар, біз JCI аккредитациясын өткізуге дайындықты тікелей үйлестіреміз және белсенді қатысамыз. Ағымдағы жылдың шілде айында клиника қайта аккредиттеуден өтті және медициналық қызмет көрсету сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін растады. JCI аудиторлары клиниканың жұмысын 1110 өлшенетін элементтер бойынша бағалады. Осы стандарттар бойынша аккредиттеу «сапаның» жоғары деңгейін «білдіреді», - деп түсіндірді Гүлмира Болатқызы.
Ұжым институттың әрбір қызметкері әр пациенттің қауіпсіздігі үшін жеке жауап беретінін және оның қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру үшін жұмыс істейтінін растады.
Сапалы медициналық көмек ұғымы тек медициналық персоналдың құзыреті мен біліктілігі деңгейіне ғана емес, сонымен қатар тиімді, бақыланатын медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тетіктерді ұйымдастыру мен басқарудың үйлестірілген жүйесіне негізделгенін атап өткен жөн.