🏥 Құрметті түлектер мен студенттер, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау науқаны басталғаны туралы хабарлайды:
- Аллергология және иммунология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
- Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 3 жыл;
- Гастроэнтерология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
- Кардиология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 3 жыл;
- Пульмонология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
- Ревматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
- Терапия, оқу мерзімі – 2 жыл;
- Эндокринология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
✅Резидентураға қабылдау емтихандардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары медициналық білім;
- «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы;
- қабылдау емтиханынан өту.
✅Құжаттарға қойылатын талаптар туралы немесе қабылдау емтиханын өткізу тәртібі сұрақтары жөніндегі қосымша ақпаратты біздің веб-сайттан немесе жауапты хатшы Буркитбаева Гульмира Навирдиновнадан алуға болады:
📞📞: +7(727)2330022, +7(777)234 26 37; е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
✅Құжаттарды қабылдау:
Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,120/25, 428 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады - Жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіптік және қосымша білім беру департаменті
Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау: 4 – 25 шілде
Қабылдау емтихандары: 8 – 16 тамыз
Оқуға түскендердің құжаттарын қабылдау: 20 – 28 тамыз
Оқуға түскендерді тіркеу: 28 тамызға дейін
Жұмыс уақыты: сағат 08.00-17.00. (13.00-14.00-үзіліс)
Барлық үміткерлерді осы мүмкіндікті жіберіп алмауға және көрсетілген мерзімде құжаттарын тапсыруға шақырамыз.