Медициналық ЖОО түлектері мен жас дәрігерлердің назарына! 🏥 КАҒЗИ медициналық жоғары оқу орындарының түлектері мен жас дәрігерлерді клиникалық мамандықтар бойынша нысаналы резидентураға қабылдайды

Медициналық ЖОО түлектері мен жас дәрігерлердің назарына!  🏥 КАҒЗИ медициналық жоғары оқу орындарының түлектері мен жас дәрігерлерді клиникалық мамандықтар бойынша нысаналы резидентураға қабылдайды

🏥 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ медициналық жоғары оқу орындарының түлектері мен жас дәрігерлерді клиникалық мамандықтар бойынша нысаналы резидентураға қабылдайды:

  • Аллергология және иммунология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
  • Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 3 жыл;
  • Гастроэнтерология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
  • Кардиология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 3 жыл;
  • Пульмонология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;
  • Ревматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі2 жыл;
  • Терапия, оқу мерзімі – 2 жыл;
  • Эндокринология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл.

Резидентураға қабылдау емтихандардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • жоғары медициналық білім;
  • «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы;
  • қабылдау емтиханынан өту.

Құжаттарға қойылатын талаптар туралы немесе қабылдау емтиханын өткізу тәртібі сұрақтары жөніндегі қосымша ақпаратты біздің веб-сайттан немесе жауапты хатшы Буркитбаева Гульмира Навирдиновнадан алуға болады:

📞📞: +7(727)2330022, +7(777)234 26 37; е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құжаттарды қабылдау:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,120/25, 428 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады - Жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіптік және қосымша білім беру департаменті

Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау: 4 – 25 шілде

Қабылдау емтихандары: 8 – 16 тамыз

Оқуға түскендердің құжаттарын қабылдау: 20 – 28 тамыз

Оқуға түскендерді тіркеу: 28 тамызға дейін

Жұмыс уақыты: сағат 08.00-17.00. (13.00-14.00-үзіліс)

Барлық үміткерлерді осы мүмкіндікті жіберіп алмауға және көрсетілген мерзімде құжаттарын тапсыруға шақырамыз.