17 мамырда Алматыда гибридті форматта жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, терапевт, кардиолог, реабилитолог, невролог және т. б. мамандардың қатысуымен Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған «Көп қырлы гипертония» тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты: медицина қауымын гипертензиология және кардиоваскулярлық профилактика саласындағы соңғы жетістіктер туралы хабардар ету.
Конференцияның ұйымдастырушылары: Еуропалық гипертония қоғамы мен Дүниежүзілік жүрек федерациясының қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика мамандарының қоғамы.
Конференция аясында секциялық ғылыми отырыстар, сараптамалық форумдар, жетекші мамандардың шеберлік кластары және медициналық техника мен дәрілік препараттар өндірушілерінің көрмесі өтті.
Сателлиттік симпозиумда гипертонияны емдеудің заманауи тәсілдері және көзделген органдардың зақымдануымен науқастардың клиникалық жағдайлары талқыланды. Атеросклероз бойынша халықаралық сарапшы және Халықаралық атеросклероз қоғамының (Мәскеу қ.) ресми спикері, м.ғ.д., профессор Андрей Сусеков «Статинотерапия: 40 минут ішінде 40 жыл» тақырыбында баяндама жасады. В.Алмазов ат. ҰМЗО эпидемиология және жұқпалы емес аурулар ҒЗЗ меңгерушісі, м.ғ.д. Оксана Ротарь заманауи тұжырымдамада артериялық гипертонияны емдеу жөнінде және Еуропалық АГ қоғамының жаңалықтарымен және жаңа ұсыныстарымен бөлісті.
Гипертензияға қарсы терапияның метаболикалық аспектілері, сондай-ақ артериялық гипертониямен ауыратын «алтын жастағы» науқастарды бақылау мәселелері қарастырылды.
Әрбір офлайн қатысушы қатысқаны туралы сертификат алды, сондай-ақ қатысушылардың небулайзерлер, тонометрлер және т.б. жүлделерді ұтып алу мүмкіндіктері болды.
Осы форматтағы конференциялар дәрігерлерге медицинадағы заманауи жетістіктерден хабардар болуға, білімдері мен дағдыларын жаңартуға, пациенттерін тиімдірек емдеу үшін жаңа әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.