Пациент Кенішбаева: сапалы емі, дәрігерлік этика және өз ісіндегі кәсіби шеберлігі үшін КІАҒЗИ дәрігерлеріне алғысым шексіз!

Пациент Кенішбаева: сапалы емі, дәрігерлік этика және өз ісіндегі кәсіби шеберлігі үшін КІАҒЗИ дәрігерлеріне алғысым шексіз!

«Жақсы дәрігер тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар, дәрігердің жауапкершілік, адамгершілік, мейірімділік, сыпайылық, пациенттерге деген құрмет сияқты қасиеттері болуы керек. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ дәрігерлерінен осы қасиеттерді көруге болады», - дейді Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны, клиниканың соматикалық бөлімшесінде емделіп жатқан Гүлмағи Кенішбаева.

Гүлмағи Әділбекқызы атап өткендей, ол 6 жыл бойы ауырып, ауруын асқындырып алған, клиникаға аурудың өршу кезеңінде түсті. Бірден барлық тексерулерден өтіп, нефрологтың, эндокринологтың кеңесін алды. Емдеудің нәтижесінде анализдері жақсарып, өзін жақсы сезінеді.

Соматикалық және № 2 терапия бөлімшелерінің меңгерушілері Гаухар Қайратқызы Ысқақова мен Майса Байұзаққызы Қалықова, ревматолог дәрігер Маржан Төлендіқызы Абдуллаева өз ісіне берілген мамандар, пациенттерлің қамын ойлап, дәрі-дәрмекпен ғана емес, сонымен қатар жылы сөзбен де емдейді. Олар жұмыста көп уақыттарын өткізеді, сенбі-жексенбі күндері де жұмыс орнында, күні бойы палатаға бірнеше рет кіріп, науқастардың жағдайын, көңіл-күйін сұрап, бәрін мұқият түсіндіреді. Мейірімділігі, сапалы емі, дәрігерлік этика мен кәсіби шеберлігі үшін дәрігерлерге алғысым шексіз. Институт басшылығына - тазалық пен тәртіп, дәмді тамақ үшін рақмет, маған барлығы ұнады.

Барлық мейіргерлерге де: Индира, Ақмарал, Камиллаға зор алғыс! Аға мейіргер Ранагүл Маратжанқызы Тұрсыноваға ерекше ризашылығымды білдіремін!

Басқалардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, сүйікті дәрігерлеріміз, өздеріңізге де қамқор болыңыздар!