Пациенттер терапиясының тиімділігі көбінесе клиникалық фармакологқа байланысты

Пациенттер терапиясының тиімділігі көбінесе клиникалық фармакологқа байланысты

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық-фармакологиялық бөлімінің басшысы, жоғары санатты провизор, іскерлік әкімшілендіру магистрі Айгүл Қангерейқызы Бақтығалиева туралы айтпақпыз.

Айгүл Қангерейқызы Шымкент мемлекеттік медицина институтын, қазіргі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын «фармация» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын «REMIX» фармацевтикалық компаниясында провизор болып бастаған. Өз университетінде фармакология және клиникалық фармакологиялық терапиядан сабақ берді. «Medservice PLUS» қазақстандық фармакология компаниясының филиалында бөлім бастығы, «KAZMEDPRIBOR» ЖШС директоры, «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС филиалының өңірлік директоры болып жұмыс істеді. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы ретінде мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.

Бірқатар ғылыми еңбектер мен басылымдардың авторы. Клиникалық тәжірибе сертификаты (GCP) бар - бұл клиникалық зерттеулерді жүргізудің келісілген халықаралық стандарты.

Терең білім, фармация және фармацевтика саласындағы үлкен практикалық тәжірибе, 27 жылдан астам жұмыс өтілі, жоғары кәсібилік пен мақсатына талпыну оған фармацевтикалық тәртіпті сақтай отырып, бөлімшелерге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлау, қабылдау, сақтау және босату жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Ол жұмысқа қабілеттілігі мен жауапкершілік, принциптілік, оптимизм және институтта жасалып жатқан барлық нәрсеге бей-жай қарамау сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Әр іске бей-жай қарамайтын адамдар әлемді жақсы жаққа өзгертеді деп бекер айтылмаған.

Әріптестері оны кәсібилігі, жауаптылығы үшін құрметтейді. Ол ұжымның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысады.

Қазақстан халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Оның өмірлік ұстанымы: «Ар-ұжданның өлшемі бәрінде болуы керек!». Осы тұрғыдан, ар - ұжданы бар адамдар - адал адамдар, олар бәрін сапалы жасайды деуге болады. Айгүл Қангерейқызы сияқты қызметкер туралы өмірде өз орнын тапқан, деп айтады.

Мереке құтты болсын, Айгүл Қангерейқызы! Барлық жоспарланған жұмыстарыңыздың іске асырылуына тілейміз!