Полипрагмазия - бір мезгілде көптеген дәрілерді негізсіз тағайындау


Дүние жүзінде практикалық денсаулық сақтауға пациентті сауықтыра алатын және жағдайын жақсарта алатын, бірақ екінші жағынан денсаулығына зиян келтіретін көптеген дәрілік заттардың (ДЗ) жасалып және енгізіліп жатқандығы байқалады. Емдеудің тиімділігін арттыру, пациентке сырқатынан сауығуына көмек беру көптеген дәрілерді тағайындауға - полипрагмазиға (polypragmasia, грек тілінен poly — көп, pragma — зат) әкеледі.



Оны негізделген және негізделмеген ретінде жіктейді. Негізделген  полипрагмазия – ол бірнеше дәрілерді терапевтік мақсатта тағайындау. Бұл ретте оның тиімділігі мен қауіпсіздігі үнемі бақыланып отырады.



Негізсіз жағдайда - дәрілік өзара әрекеттесуге түсе алатын және ауыр жағымсыз дәрілік реакцияларды тудыра алатын әртүрлі топтағы препараттарды қолданады, көбіне өзін-өзі емдеу кезінде болады.



«Клиникалық фармакология тұрғысынан «полипрагмазия» - бұл бір мезгілде көптеген ДЗ-ды негізсіз тағайындау, себебі тек ДЗ-ды негізді тағайындау ғана емдеудің тиімділігін арттырып және жағымсыз реакциялардың жиілігін төмендете алады», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық фармакологы Ажар Тәңірберген.



Бір уақытта бірнеше дәрінің тағайындалуының себебі қосалқы аурулардың, дәрілердің қолжетімділігі, сондай-ақ клиникалық ұсынымдар, тиімділігі дәлелдік деңгейіне сәйкес келетін, бір көрсеткіш бойынша 5 препараттан артық кешенді терапияны қолдану бойынша ұсынымдарды қамтитын емдеу стандарттары болуы мүмкін.



Полипрагмазияның туындау қаупінің негізгі факторларына:




  • 85 және одан жоғары жастағы қарттар тұрғындардың 13%-ын құрайды және барлық ДЗ  1/3 пайдаланады;



- мультиморбидтілік, созылмалы аурулар, гипертония, анемия, бронх демікпесі, стенокардия, артрит, подагра, диабет және т. б. - дәрігерге жиі бару және бақылау қажеттілігін туындатады;



- ДЗ қолданған кездегі сабақтастық пен жүйеліліктің мәселелері жатады.



Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер полипрагмазия егде жастағы науқастарда жағымсыз дәрілік реакциялардың даму қаупінің негізгі факторлары болып табылатындығын анықтады. Қазір клиникалық практикада полипрагмазияны азайту үшін әр дәрі-дәрмектің тағайындамасын талдау және «шектеу» тізбелерін қолдана отырып фармакотерапияны оңтайландыру әдістері қолданылады



Қазіргі таңда полипрагмазия тұжырымдамасы негізделген, онда пациенттер бірнеше ДЗ-дан пайда көре алады, егер олардың мақсаты қолжетімді ең жақсы дәлелдерге негізделген болса, пациенттердің клиникалық жағдайын көрсетеді және дәрі-дәрмектер аралық өзара әрекеттесуді ескереді.