Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінде 2021 жылы 3480 интервенциялық араласулар жасалды (2020 жылы - 3475). Бұл жүрек тамырларына стент орнату, жүрекшеаралық қалқа ақауларын жою, аорта қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау (TAVI), катетеризация, ауруханада және амбулаториялық жағдайларда коронарография жасау. Коронарография жасаған кезде жүрек тамырларына стент орнату мен шунттауға мұқтаж пациенттер анықталды.
2016 жылдан бері клиникада ТАВИ операциялары – жүре пайда болған жүрек ақауы - аорта қақпақшасының стенозы бар пациенттерге эндоваскулярлық аорта қақпақшасына имплантация жасалады. Осы патологияға ашық жүрекке операция жасауға болмайтын егде жастағы адамдар ұшырайды. Операция аз инвазивті және оң нәтижемен аяқталу пайызы өте жоғары - 95-тен 100-ге дейін.
Рентгенэндоваскулярлық операциялық блок CARTO 3 V7 Prime үш өлшемді жүрекішілік навигация жүйесімен жабдықталған. Осы жүйені орнату жүректің күрделі патологиясы бар түрлі жастағы пациенттерге операция жасауға мүмкіндік берді.
Еліміздің халқына интервенциялық кардиологиялық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында мамандарды оқыту және тренингтер жүргізу, TAVI бойынша шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік кластар өткізу, Mitraclip митраль қақпақшасының кемістігін емдеу және т.б. бойынша жұмыстар жалғасатын болады.