3 маусымда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Ресейдің Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Бадма Башанкаев болды. Бадма Николаевич дәрігер ретінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қызығушылық танытып, әріптестерінің жұмысымен танысты.
Ол сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшелеріне, Консультациялық-диагностикалық орталыққа барды. Орталыққа 2023 жылы 13493 пациент жүгінген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4277 адамға көп. Жүгінудің ұлғаюы қабылдауды кардиологтар, гастроэнтерологтар, невропатологтар, ревматологтар және басқа да арнайы мамандардың жүргізуіне байланысты, КТ, МРТ, УДЗ сияқты диагностикалық қызметтер қолжетімді, сондай-ақ жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмектің барлық спектрі көрсетіледі.
Қонақ «Phadia 250» автоматты ИХЛ анализаторы пайдаланылатын Клиникалық-диагностикалық зертханада болды. Қазір бүкіл әлемде аллергиялық аурулары бар пациенттер санының өсуі байқалады. ImmunoCAP технологиясы сезімтал деп танылған. ДДҰ бұл әдістемені референттік деп таниды және оның көмегімен әлемде аллергиялық аурулардың таралуы зерттеледі.
Рентгенэндоваскулярлық оперблокта инновациялық технологиялар енгізіліп жатқаны туралы айтылды. ҒЗИ жетекші интервенциялық кардиологтарының жинақталған білімі мен практикалық дағдылары өңірлерден келген дәрігерлерді, сондай-ақ жергілікті жерлерге барып оқытуға мүмкіндік береді. Кардиохирургия бөлімшесінде де донорлық жүректі ауыстырып салу, LVAD-пен TAVI және басқа да операциялар туралы айтылды.
Ресей Федералдық Жиналысының төменгі палатасының депутаты қазақстандық пациенттер үшін сапалы медициналық қызмет қолжетімді екенін атап өтті.