Республика күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері марапатқа ие болды

Республика күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері марапатқа ие болды

«25 қазан – тарихтағы маңызды даталардың бірі, қазақстандықтар үшін Республика күні – халқымызды біріктіретін, болашаққа сенім ұялататын айтулы күн. Бұл күні еңбек ұжымдарының үздік өкілдеріне құрмет көрсетіледі. Жақында медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға бағытталған заң қабылданды. Алғаш рет денсаулық сақтау саласындағы ерекше жетістіктері мен ел алдындағы ерен еңбегі үшін берілетін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы бекітілді. Бұл атаққа астаналық және қарағандылық үш әріптесіміз ие болды. Біз олар үшін қуаныштымыз. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз құрметке лайық екені сөзсіз. Осы атаулы күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, зор жетістіктер, барлық бастамаларда сәттілік тілеймін. Еліміздің егемендігі баянды болсын!», - деді Институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов:

Бүгін функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің дәрігері Гүлжауғар Биекенова «Еңбек ардагері» медалімен, кадр және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлнәр Айжолова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, институттың баспасөз хатшысы Сұлушаш Қуатжанова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, қызмет көрсету-шаруашылық бөлімінің басшысы Санат Көшкінбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кеше Астанада Стратегиялық даму және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдікалиев Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың қолынан мемлекеттік жоғары награда – «Парасат» орденін алды.

           

Барлық әріптестерді осы лайықты марапатпен құттықтаймыз!