Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының бұйрығымен қайта құрылуына байланысты курортология бөлімі институттың клиникалық-диагностикалық зертханасына (КДЗ) қосылды.
Жыл сайын 260 мыңнан астам биохимиялық, гематологиялық, жалпы клиникалық және иммунологиялық зерттеулер жүргізілетін КДЗ-да енді емдеу және сауықтыру-профилактикалық мақсаттарда пайдаланылатын минералды, табиғи ауыз су мен емдік-асханалық судың химиялық құрамы зерттелетін болады.
Бұл зертханалық диагностиканың күнделікті жұмысын автоматтандыруға, зерттеулердің сапасын арттыруға және заманауи зертханалық қызметтің алдында тұрған барлық мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.