Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ерлік пен батылдықтың мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ерлік пен батылдықтың мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан әскерінің ең үздік дәстүрлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері ерлігінің лайықты жалғасы.

Бүгінгі ұрпақ аға буын танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осы ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз.

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған ардагерлеріміздің алдында бас иеміз!

Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.

                                                        Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

                                                        Басқарма Төрағасы Марат Пашимов