Құрметті достар! Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті достар! Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының  символына айналған татулық пен тұтастық мерекесі.

Тарихи оқиғалардың еркімен түрлі ұлттар мен этникалық топтардың өкілдері үшін Қазақстан туған үйіндей болып кетті. Еліміздің тарихы аштықты және мыңдаған қоныс аударушылардың тығырыққа тірелгенін ұмыта алмайды. Халқымыз  елімізден пана іздеп келгендерді бауырына басып, төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліп жеді.  Ынтымақтастық пен келісім – бұл біздің халық тіпті ең ауыр жылдары да сақтай білген құндылықтар.

1 мамыр – көктемгі жаңарудың, жарқын үміттердің, жасампаздықтың, ізгілік пен әділеттіліктің символы.

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, денсаулық, барлық жақсы істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен құт-береке тілеймін!

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Басқарма  төрағасы Марат Пашимов