Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн қазақстандықтардың өзара түсіністігінің, сыйластығы мен толеранттылығының символына айналған достық, келісім және бірлік мерекесі.


Осы күні  баршаңызға игілік пен бейбітшілік, тұрақтылық пен сенімділік, сондай-ақ мықты денсаулық, әр шаңыраққа шаттық пен  бақ-береке тілеймін!



 



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ



Басқарма  төрағасы Роза Куанышбекова