Құрметті достар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Наурыз көктеммен бірге келетін күннің шуағы мен болашаққа деген үміт сезімімен қоса, адамдардың бойында жақсылық, адалдық пен ынтымақты нығайту сезімдерін тудырады. Бүгінгі таңда бұл мерекенің мағынасы өте терең болып отыр. Осындай қасиетті мереке күнімен біздің жетістіктеріміз, табыстарымыз бағаланады, келешектің жоспарлары айқындалады.



          Көктемнің шуақты күндерімен бірге, Наурыз отбастарыңызға жылулық, денсаулық пен бақыт, қуаныш пен береке, табыс пен әл-ауқат, оң өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер сыйласын!



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы  Роза Куанышбекова