🌟 Құрметті әріптестер! 🌟
📅 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша асқазан-ішек жолдары мен бауыр аурулары бар пациенттерге гастроэнтерологиялық көмек көрсетілетіні туралы хабарлайды.
Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы стационарлық емдеу шеңберінде сараптамалық бағалауды және шешім қабылдауды талап ететін күрделі клиникалық жағдайлары бар пациенттерді ауруханаға жатқызуды ұсынамыз:
- Пациенттерді (ересек тұрғындар) келесі нозологиялар бойынша стационарға жатқызу:
✅Бауыр циррозы (К74.0)
✅Аутоиммунды гепатит (К75.4)
✅Бастапқы билиарлық холангит (К74.3)
✅Бастапқы склерозды холангит (K83.0)
✅Ойық жаралы колит (К51.0)
✅Крон ауруы (К50.8)
✅Целиакия (К90.0)
✅Созылмалы панкреатит (К86.1)
2. Сондай ақ пациенттердің осы бейіндер бойынша күрделі клиникалық жағдайларын ұлттық деңгейдегі жетекші мамандар басқаратын телемедициналық консультацияларда қарауға болады.
3. Институт базасында жоспарлы емдеуге жатқызу шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін мынадай мамандандырылған рәсімдер жүргізіледі:
✅Өңештің варикозды тамырларын эндоскопиялық лигирлеу (операция коды: 42.91) — бауыр циррозы бар науқастарда қан кетудің алдын алу мақсатында өңештің варикозды тамырларын латекс сақиналарымен байлауға негізделген эндоскопиялық аз инвазивті операция
✅Бауыр биопсиясы (коды: 50.91) - диагностиканың инвазивті әдісі, соның арқасында диагнозды жоғары сенімділікпен анықтауға, аурудың белсенділік дәрежесін, стеатоз және фиброздың сатысын анықтауға, сондай-ақ бауыр аурулары бар науқастарға уақытылы, жоғары білікті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін болжамдық индексті анықтауға болады
✅Энтероскопия (коды: 45.02) - аш ішектің патологиясын болдырмау үшін эндоскопиялық зерттеу
✅Тоқ ішектің балондық дилятациясы (коды: 45.331) - ішектің қабыну аурулары бар пациенттерде арнайы балонның көмегімен ішек саңылауының тарылуын жоюдың эндоскопиялық әдісі.
4. КІАҒЗИ консультативтік-диагностикалық орталығында және эндоскопиялық бөлімшесінде сараптамалық деңгейдегі ақылы амбулаториялық қызметтер қолжетімді:
✅Гастроэнтерологиялық, гепатологиялық бейіндегі сараптамалық консультациялық қабылдау, ІҚА орталығы маманының, сондай-ақ нутрициолог маманның қабылдауы.
✅Эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу (ЭндоУДЗ) — саңылауішілік ультрадыбыстық сканерлеуді қолданатын диагностика.
✅Седация кезіндегі сараптамалық деңгейдегі бейнеэзофагогастродуоденоскопия және бейнеилеоколоноскопия (БЭГДС және БИКС) - заманауи эндоскопиялық жабдықты қолдана отырып жүргізілетін жоғарғы және төменгі асқазан-ішек жолдарын эндоскопиялық тексеру.
Сіздерді ынтымақтастық жұмыс жүргізуге шақырамыз және зор ықыласпен сұрақтарыңызға жауап береміз. Бірлесе отырып, пациенттерімізге сапалы емдеуді қамтамасыз етейік!
Байланыс деректері:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (Госпитализация бюросы порталы)
📞📞 +7 (727) 233 00 61, +7 (700) 033 00 61
Амбулаторлық пациенттерді жазу үшін Call-орталық:📞8 700 033 0061
Құрметпен,
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты