Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген. Медицина қызметкерлері барлық игі тілектерге және жылы лебіздерге лайық. Сіздер бүкіл әлемге ізгілік, денсаулық, болашаққа деген нық сенім сыйлап жүрсіздер.



Дәрігерлік қызметті рухы биік адам ғана атқара алады. Сіздерден қауырт жұмысқа  толы күндерде де, ұйқысыз түндерде де адам өмірін аман сақтап қалу үшін барлық күш-жігерлеріңізді жұмсауды талап етеді. Сіздер осындай қиындығы мол, бірақ абыройлы мамандықты таңдадыңыздар. Медицинада ең бастысы – біліктілік, құзыреттілік, жауапкершілік және адамдарға көмек көрсетуге деген ықыластың болуы.



Науқастар демалыс күндері де, мереке күндері де ақ халатты абзал жандар көмегіне мұқтаж. Тіпті өздеріңіздің кәсіби мереке күні де жұмыс орнынан табыласыздар: біреулер жедел көмек көрсету көлігінде, біреулер аурухананың бөлімшелерінде немесе операция үстелінде қарсы алады.



Жанашырлық қабілеттеріңізді жоғалтпағандарыңыз үшін, жоғары жұмыс қабілеттілік пен шыдамдылықтарыңыз, жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.



Сіздер үшін жақындарыңыздың қолдауы мен жақсылықтарыңызға ризашылық білдірген пациенттердің алғыс сөзі ең үлкен сыйлық болып табылады, сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбастарыңызға береке тілейміз.



Басқа адамдардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, өз денсаулықтарыңызды да ұмытпаңыздар!



                                                                                     Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы