Құрметті әріптестер!
Сіздерді мейірім мен ізгілік мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Әйел, ана – өмір шуағы, отбасының ұйытқысы, алтын қазығы, жанұяның береке-бірлігін ойлайтын мейірімді жан. Сіздердің қоғамдағы ролдеріңіз жоғары. Бәріне үлгеруге тырысып, қоғамның барлық салаларында ерлермен қатар табысты еңбек етіп жүрсіздер.
Осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге бақыт, денсаулық, туыстарыңыз бен жақындарыңызға амандық, тамаша көңіл-күй тілеймін. Көктемнің шуақты күндері Сіздерге қуаныш пен сәттілік әкелсін!
Кардиология және ішкі аурулар
ғылыми-зерттеу институтының
Басқарма төрағасы Марат Пашимов