Егер Сіз осы салада жоғары білікті маман болғыңыз келсе, біздің институт Сіздің кәсіби және жеке өсуіңіз үшін мүмкіндіктер ұсынады.
Неліктен ревматология бойынша біздің резидентураны таңдау керек?
1️⃣ Үздік оқытушылар мен тәлімгерлер
Бізде ревматология саласындағы жетекші мамандар мен ғалымдар жұмыс істейді, олар:
✅ Институттың бас ревматолог консультанты және кафедра профессоры Ольга Машкунова, м.ғ.к., жоғары санатты ревматолог, елімізге танымал клиницист маман.
✅ Ревматология профильді №2 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Майса Калыкова -жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының магистрі, ревматология және терапия саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман.
✅ Бөлімшенің ревматолог-дәрігері Маржан Абдуллаева және кафедра ассистенті, КІАҒЗИ консультанты Әйгерім Ботабекова - институт резидентурасының түлектері.
Олардың басшылығымен Сіз терең білім алып, құнды практикалық дағдыларды меңгересіз.
2️⃣ Диагностика мен емдеудің заманауи әдістері
Резиденттерге ревматикалық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары мен әдістемелеріне қолжетімділік беріледі. Сіз буындардың ультрадыбыстық зерттеуін, МРТ және КТ диагностикасын, капилляроскопияны және т.б. жасауды үйренесіз. Институт ересек тұрғындарға арналған орфандық аурулардың ресми орталығы болып табылады. ҒЗИ-да пациенттерге генетикалық талдау - диагноз қою үшін құрғақ дақ әдісі, диагноз қойылғаннан кейін - емдеу және бақылау жүргізіледі. Біз медицинаның әлемдік стандарттарына сай болу үшін материалдық-техникалық базаны үнемі жаңартып отырамыз.
3️⃣ Ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар
Бізде ғылыми зерттеулер жүргізілуде және Сіздердің маңызды жобаларға қатысуға, беделді ғылыми журналдарда жариялануға және өз жұмыстарыңызды халықаралық конференцияларда ұсынуға мүмкіндіктеріңіз болады.
4️⃣ Пәнаралық тәсіл
Ревматология басқа медициналық мамандықтармен тығыз байланысты. Біздің резиденттер кардиологтармен, пульмонологтармен, нефрологтармен, гастроэнтерологтармен, гематологтармен, эндокринологтармен және басқа мамандармен бірге жұмыс істейді, бұл пациенттерді емдеуге кешенді түрде қарауға және клиникалық шекараларды кеңейтуге мүмкіндік береді.
✅КІАҒЗИ телемедицина орталығы бар, оған кез-келген мамандық дәрігерлері және Қазақстанның кез-келген бұрышынан қиын жағдайлардағы пациенттер бойынша кеңес алу үшін жүгінуге болады; алдын-ала диагнозды, емдеу әдістерін нақтылау және науқастарды стационарға жатқызу мәселесін шешу үшін стационарға жатқызу алдында кеңес беру; диагностика мен емдеудің әртүрлі кезеңдерінде күрделі науқастарға қатысты кеңес беру; қашықтықтан оқыту; республикалық деңгейде ғылыми-практикалық симпозиумдар, семинарлар мен селекторлық кеңестер өткізу, бұл құнды білім мен дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік береді.
5️⃣ Оқу мен жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар
Сізге оқу бөлмелері, дәрістерге арналған конференц-залдар, дәрігерлермен қатар бөлімшелердегі жұмыс орындары, медициналық әдебиеттің бай қоры бар кітапхана және өз бетінше жұмыс істеуге арналған компьютерлік зал қолжетімді болады.
6️⃣ Жұмысқа орналастыру
Біздің түлектер еліміздегі және шетелдегі үздік медициналық мекемелерде сұранысқа ие. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз.
✅Біздің кәсіби командамыздың мүшесі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Медициналық мансаптың шыңына қадам жасаңыз.
✅Өтініш беру үшін байланыс:
🏨 Алматы, Әйтеке би к., 120/25, 428 каб., 📞📞+7 (727) 2330022, +7 (777) 234 26 37 – жауапты хатшы Буркитбаева Гульмира Навирдиновна, электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., сайт: https://www.ncvb.kz/obrazovanie/rezidentura
Біз Сіздерді күтеміз!