Денсаулық мектептері әр емханада жұмыс істейді. ????????
????Мектептің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
✅ Пациенттердің сырқат және оның қауіп факторлары туралы ақпараттануын арттыру;
✅ Пациенттердің өз денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігін арттыру;
✅ Пациенттердің сырқатқа деген тиімді және белсенді көзқарасын, сауығуға деген ынтасын, емдеуге және дәрігердің ұсынымдарын орындауға деген бейімділігін қалыптастыру;
✅ Пациенттерде денсаулық жағдайын бақылау, асқыну мен кризистер жағдайында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру;
✅ Пациенттерде өздерінің денсаулығына мінез-құлық қауіп факторларының жағымсыз әсерін (тамақтану, қимыл белсенділігі, стрессті басқару, зиянды әдеттерден бас тарту) төмендету бойынша дағдыларын қалыптастыру;
✅ Пациенттерде денсаулыққа және пациенттерді жеке денсаулық жоспарын құруға үйретуге әсер ететін себептер, факторларға талдау жүргізу жөнінде практикалық дағдыларын қалыптастыру.