Бүгін біз Тәуелсіздіктің құрдастары, яғни 1991 жылы туған, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жұмыс істейтін дәрігерлер туралы айтпақпыз. Бұл қатарда 15 маман бар, оның ішінде бөлімше меңгерушісі, 2 кардиолог дәрігер, статист дәрігер, перфузиолог, қабылдау бөлімшесінің дәрігері, 3 ассистент дәрігер, аға мейіргер, 2 мейірбике, зертхана маманы. Біз олардың кейбірімен сөйлестік.
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде әр секунд, әр минут, әр сағат сайын мамандар адам өміріне араша түседі. Бөлім басшысы Михаил Воронцов былай дейді: «Менің әжем жедел жәрдем дәрігері болған, бала кезімде ол маған өз жұмысы туралы, клиникалық жағдайлар жайында көп айтатын. Мен оны қызығушылықпен тыңдай отырып, дәрігерлер әрдайым жаңалыққа талпынып отырады деген ойда болдым».
«Мектептен кейін мен мединститутқа құжаттарымды тапсырдым, травматолог болғым келді, бірақ соңғы сәтте анестезиология мен реаниматология саласына ауысамын деп шештім. Бұған ешқашан өкінген емеспін. Мен адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын, анестезиолог - реаниматолог дәрігерінің мамандығы ауыр науқастармен, әртүрлі жағдайлармен байланысты, сәтті нәтижеге қол жеткізгенде, қуанышымызда шек жоқ. Дәрігер өте жауапты, білімді және ізденімпаз болуы керек», - дейді Михаил Владимирович.
Кардиолог дәрігер Анастасия Ен күндізгі стационарда табысты жұмыс істейді. «Пациенттер күндізгі стационар жағдайында да сапалы медициналық көмек ала алады. Соңғы үш жыл ішінде амбулаториялық жағдайда бізде диагностикалық коронароангиография жүргізілуде. Уақтылы және дәл диагноз қою үшін біз көптеген зерттеулерді қолданамыз. Базистік терапия, емдеу таңдалады, науқастың жағдайына күнделікті бақылау жүргізіледі, жоспарлы емдеу процедуралары жасалады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін», - дейді доктор.
Анастасия өте жауапты және жанашыр адам.
Еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген барлық әріптестерімізге жұмыстарына жетістік пен дамуды тілейміз!