Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың кәсіби өсуі үшін қажетті жағдайлар жасауға күш салуда, өйткені әрбір маман өз білімін үнемі жаңартып отыруы, жаңа дағдыларды игеруі және медицина саласындағы инновациялардан хабардар болуы тиіс.
Осыған байланысты кардиохирургия бөлімшесінің дәрігерлері: кардиохирург Мақсат Жақаев, перфузиолог Ақан Баграмов және кардиолог Әйгерім Нағиматуллаева Беларусияның Минск қаласындағы «Кардиология» республикалық ғылыми-практикалық орталығында тағылымдамадан өтті.
Оқудың мақсаты ортотопиялық жүрек трансплантациясындағы білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру, жүрек трансплантациясына дейін және одан кейін пациенттерді бақылау, жүрек трансплантациясы кезінде қан айналымын қолдаудың экстракорпоральды әдістерін меңгеру болды.
Тағылымдама барысында дәрігерлер жүректі алуға және консервациялауға тікелей қатысты, орталықтың жетекші мамандарының жүрек трансплантациясы кезінде экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру, операциядан кейінгі ерте кезеңде жүрек трансплантациясынан кейін пациенттің иммуносупрессивті терапиясы және жүрек трансплантациясы бойынша дәрістерін тыңдады, ЭКМО үшін инвазивті емес қысым датчигінің жұмысымен және қан параметрлерін нақты уақыт режимінде және зертханалық дәлдікпен бақылау жүйесімен танысты. Мұндай ақпарат мамандарға ұзақ операциялар кезінде қан гомеостазының өзгеруіне дереу әрекет етуге мүмкіндік береді.
«Кардиология» РҒПО Беларусь Республикасында ел азаматтары мен шетел азаматтарына кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуде жетекші ғылыми-зерттеу, емдеу және ұйымдастыру-әдістемелік мекеме болып табылады. Тағылымдама кезеңінде, яғни 20 күн ішінде Орталықта 5 жүрек трансплантациясы жасалды.