Өкпе артериясы тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) - бұл бір немесе бірнеше өкпе артерияларының тромбымен бітелуі. Көбінесе өкпе эмболиясы аяқ тамырларынан келетін ұйыған қаннан туындайды. Бұл тыныс алудың ауыр проблемаларын тудыруы мүмкін, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төнуі де мүмкін.
ӨАТЭ тән белгілер жоқ, бірақ мынадай белгілер байқалуы мүмкін:
- кенеттен ентігу,
- жөтел,
- терең тыныс алғанда, жөтелгенде, алға қарай еңкейгенде күшейетін кеудедегі ауырсыну,
- терінің бозаруы,
- қан түкіру,
- бір аяқтың ауыруы және ісінуі,
- терлеу,
- жиіленген жүрек соғысы;
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Гүлнар Оспанова атап өткендей, жоғарыда аталған белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Кімдер қауіпті топқа жатады?
- Ұзақ уақыт қозғалмайтын науқастар, мысалы, ұзақ рейстерде, операциядан кейін, сынықтардан кейін;
- Гормоналды препараттарды бақылаусыз қабылдаған кезде;
- Жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне және басқа жүрек ауруларына шалдыққандар;
- Онкопациенттер, әсіресе химиотерапия алатындар;
- Темекі шегушілер;
- Артық салмағы барлар;
- Жүктілік кезінде.
Өзіңізді қорғау және тромбоз қаупін азайту үшін:
- Ұдайы физикалық белсенділікте болу, тіпті операциядан кейінгі кезеңде де;
- Компрессиялық шұлық кию;
- Ұзақ рейстерде қауіпсіздік ережелерін сақтау (көп сұйықтық ішу, 30 мин. сайын бір рет аяқтарды бүгу және созу, орнынан тұру, қажет болған жағдайда компрессиялық киім кию);
- Салауатты өмір салтын ұстану: салмақты бақылауда ұстау, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту.