2023 жылы клиникаға 8436 пациент жатқызылды, оның ішінде бюджет бойынша - 8117, ақылы негізде - 319, бұл 2022 жылға қарағанда бюджет бойынша 481 пациентке және 2021 жылға қарағанда 1193 пациентке көп.
Бюджет бойынша ауруханаға ең көп - Алматы қаласының, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарының тұрғындары жатқызылды. Басым көпшілігі кардиология, кардиология және оңалту, 1 және 2 терапия, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, кардиохирургия және жүректің созылмалы жетіспеушілігі бөлімшелерінде емделді.
Сондай-ақ, РФ, Өзбекстан, Қырғызстан, ҚХР, Ауғанстан, Германия, Пәкістан, Түрікменстан, Түркия, Тәжікстан, Украина, Израиль және АҚШ-тың Қазақстанда тұруға рұқсаты бар 49 азаматы және 10 шетелдік азамат емделді.
1 және 2 терапия, жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, кардиология және жүректің созылмалы жетіспеушілігі бөлімшелеріне әртүрлі патологиялары бар 210 жүкті әйел емделуге жатқызылды.
Бұл көрсеткіштер халықтың КІАҒЗИ-да көрсетілетін медициналық көмектің барлық спектріне деген сұранысының жоғары екендігін көрсетеді.