Вирустық аурулар жүрекке бірнеше жолмен айтарлықтай әсер етуі мүмкін:
Вирустық миокардит: вирустар жүрек бұлшықетінің қабынуын (миокардит) тудыруы мүмкін, бұл жүрек функциясының бұзылуына, жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне және кеудедегі ауырсынуға әкеледі. Симптомдар жеңіл қолайсыздықтардан ауыр жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне дейін болуы мүмкін.
Вирустық перикардит: жүректі қоршап тұрған қабықтың қабынуы да (перикардит) вирустардан туындауы мүмкін. Бұл кеудедегі ауырсынуға, қызбаға және тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін.
«Кейбір вирустар, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарда созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігін нашарлатуы мүмкін. SARS-CoV-2 сияқты кейбір вирустар инфаркт немесе инсультке әкелетін тромбоз қаупін арттыруы мүмкін. Кейбір вирустық инфекциялардың әсерінің жүрекке ұзақ уақыт салдары қалуы мүмкін, мысалы, вирустан кейінгі кардиомиопатияның дамуы, бұл үнемі бақылауды және емдеуді қажет етеді», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирург дәрігері Жанар Нұрбай.
Дәрігердің айтуынша, вирустық ауруларды және олардың жүрек асқынуларын емдеу көбінесе кешенді тәсілді қажет етеді, соның ішінде антивирустық препараттар, жүрек қызметін қолдау үшін дәрі-дәрмекпен емдеу және науқастың жағдайын бақылау.