Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді еліміздің Ата заңы - Конституция күнімен құттықтаймын!

Қымбатты қазақстандықтар!  Сіздерді еліміздің Ата заңы - Конституция күнімен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттік мерекенің ерекше мәні бар және ол әрқайсымыз үшін маңызды. Барша заңның бастауы - Ата Заңымызда әр азаматтың  негізгі құқықтары мен басты міндеттері сараланған. Бұл маңызды құжатта тәуелсіз еліміздің, халқымыздың ең басты құндылықтары көрініс тапқан. Конституция - ертеңгі күнге, жарқын болашағымызға деген сеніміміздің кепілі болып табылады.

Біз еңбек етіп, қоғам өміріне белсенді қатыса отырып, құндылықтарымызды сақтап қалып, елімізді дамытуға және оның өркендеуіне үлесімізді қосуымыз керек.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін!

Ізгі ниетпен,

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Басқарма төрағасы Марат Пашимов