Жыл сайын әлемде 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Ол алғаш рет 25 жыл бұрын Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты: халықтың жүрек-қан тамырлары аурулары туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу - ұзақ мерзімді процесс және өмір бойы салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Осы шараларды сақтау жүрек проблемаларының даму қаупін азайтады және жалпы денсаулықты жақсартады.
«2024 жылғы Дүниежүзілік жүрек күнінің ұраны, өткен жылдардағыдай, «Жүрек – өмір сүруге арналған». Сондықтан, бұл күні мен бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың күрделі проблемасы болып табылатын созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі (СЖЖ) проблемаларын қозғағым келіп отыр», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің этиологиясы:
- жүректің ишемиялық ауруы,
- артериялық гипертензия,
- жүректің клапан аурулары,
- идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатия,
- Чагас кардиомиоптиясы,
- химиотерапиядан кейінгі кардиомиопатия,
- туа біткен жүрек ақаулары және жүрек ырғағының бұзылуы.
Еуропа мен Солтүстік Америкадан алынған мәліметтер жасына байланысты жүрек қызметі жеткіліксіздігі сырқатының азаюын көрсетеді. Жастардың жасына қарай өлім-жітім (15-44 жас) 1999 жылы 2,36-дан 2019 жылы 3,16-ға дейін өсті, бұл егде жастағы адамдардың өлім көрсеткшінен жоғары болып отыр (≥75 жаста). Қазақстан халқы: 20 182 003 адам, СЖЖ бар пациенттердің популяциясы: 1.8%, шамамен 363 276 адам, СЖЖ терминалдық сатысымен пациенттердің популяциясы: 1-10% жуық, шамамен 3 630 – 36300 адам.
«Жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге өмір салтын өзгерту, дәрілік терапия, хирургиялық емдеу (қолқа коронарлық артерияны шунттау, клапандық және басқа түзету, кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы, жүректі қайта синхрондау терапиясы, LVAD имплантациясы және жүрек трансплантациясы жатады», - деп түсіндіреді дәрігер.
Конфуций: «Мақсатты айқындап, оған шын жүректен барыңыз», - деген, жүрек қызметі жеткіліксіздігін емдеу саласында дәрігер мамандығын жүрегімен таңдағандардың арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өткім келеді. Жаңа дәрі-дәрмектер, инновациялық технологиялар, имплантацияланатын құрылғылар пайда болды, жүрек трансплантациясы даму үстінде. Алайда, біздің алдымызда ерте диагностика жасау, пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің болжамын жақсарту үшін жаңа жоғары технологиялық құрылғыларды енгізу сияқты маңызды мәселелер тұр», - деп атап өтті Рүстем Мұхтарұлы.
Жүрегіңізді сақтаңыз!