ЖҮРЕГІ КЕҢ ДӘРІГЕР

ЖҮРЕГІ КЕҢ ДӘРІГЕР

Біз денсаулық сақтау жүйесінде ер дәрігерлермен қатар ауыр жүктемені тең дәрежеде атқарып жүрген әйел дәрігерлеріміз туралы жарияланымдар сериясын жалғастырудамыз.

Қонысбекова Ақжан Өмірәліқызы - функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жоғары санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, И. М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина академиясында кардиология бойынша, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында кардиология және ішкі аурулар бойынша клиникалық ординатураны үздік бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталда функционалдық диагностика бөлімшесінің дәрігері ретінде бастады, Астана қаласында Ұлттық ғылыми медициналық орталықта соматика бөлімшесінің дәрігері, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да электрофизиологиялық зерттеулер және ультрадыбыстық диагностика зертханасының дәрігері болып жұмыс істеді.

Мұнда ол аспирантураға түсіп, оны 2010 жылы аяқтады, диссертациясын сәтті қорғады. Сондай-ақ ҚР Президенті Іс Басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының функционалдық диагностика бөлімшесінің дәрігері, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының функционалдық диагностика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің дәрігері, қазіргі уақытта Ақжан Өмірәліқызы бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Доктор Қонысбекова – өз әріптестері үшін үлгі, жас мамандарға тәлімгер, ҚР-да, жақын және алыс шет елдерде де түрлі курстарда өз біліктілігін арттыра отырып, үнемі кәсіби өсуге ұмтылады.

2022 жылдың қараша айында Ақжан Қонысбекова Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Академик Е.И. Чазов атындағы Кардиология ұлттық медициналық зерттеу орталығының базасында бөлімше дәрігерлерімен митралдық қақпақшаның транскатетерлік пластикасын эхокардиографиялық сүйемелдеу бойынша тренингке қатысты.

Сондай-ақ, Бельгияның Брюссель қаласында Митраклиптің көмегімен митралдық қақпақшаның транскатетерлік пластикасы операциясына пациенттерді іріктеу бойынша бүгінгі күнге дейін өзекті тақырыптардың бірі бойынша тағылымдамадан өтті.

Ол жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды аспаптық диагностикалаудың заманауи әдістерін, соның ішінде велоэргометрдегі, тредмилдегі жүктеме сынамаларын, ЭКГ және қан қысымын тәуліктік мониторингтеу бағдарламаларының деректерін өңдеуді, полисомнография әдістемесін, жүректі (трансторакалдық эходоплеркардиография), қан тамырларын, ішперде қуысы ағзаларын ультрадыбыстық көру әдістерін меңгерген.

Сондай-ақ 3D-технологияларды пайдалана отырып, жүрек ауруларын диагностикалаудың заманауи әдістерін меңгерген.

Дәрігер практикалық жұмысты ғылыми қызметпен шебер үйлестіреді, 30-дан астам ғылыми мақала, 2 әдістемелік ұсыным дайындады, өнертабыстарға 2 патенті бар.