Жүрек пен қан тамырларын сақтап қалу үшін қарапайым кеңестер


Кардиологтардың пікірінше, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына қауіп төндіретін бірқатар факторлар бар. Олар: эмоциялық күйзеліс, дене қимылының аз белсенділігі, семіздік, темекі шегу, тұз, алкогольді шамадан тыс пайдалану, дұрыс тамақтанбау. Осы себептердің барлығы жүрек пен тамырларға түсетін жүктеменің артуына әкеледі. Нәтижесінде артериялық қан қысымының жоғарылауына, жүректің ишемиялық ауруына, тамыр атеросклерозына әкелуі мүмкін.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультативтік-диагностикалық орталығының жоғары санатты кардиолог дәрігері, м.ғ.к. Ботакөз Қыстауова жүрек пен қан тамырларын сақтап қалу үшін мындай қарапайым кеңестерді ұсынады:



- Артериялық қан қысымыңызды бақылаңыз. 120/80 мм сын.бағ. артериялық қан қысымы қалыпты деп есептелінеді.



- Темекіні тастаңыз. ДДҰ сарапшылары темекі шегудің саны мен миокард инфарктісі қаупінің өсуіне тікелей байланысы бар екенін анықтады.



- Дұрыс тамақтаныңыз. Тамақтану уақыты тұрақты болуы тиіс, ал тағамның өзі – майлы емес және аздап тұздалған болуы тиіс. Майлы тағам – тамырларды бітейтін және қанның қалыпты ағуына кедергі жасайтын «жаман» холестериннің көзі болып табылады.



- Көп қимылдаңыз. Өздеріңізге белгілі, қимыл дегеніміз өмір. Таза ауада жиі болуға тырысыңыз, серуендеңіз (күніне кемінде 3-5 км), велосипед тебіңіз, билеңіз, жаттығу жасаңыз. Қалыпты дене жүктемелері жүрек бұлшықеттерін нығайтады.



- Салмағыңызды бақылап отырыңыз. Толық адамның жүрегі әрқашан жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр болады да, нәтижесінде «мотордың» шамасы келмей қалуы мүмкін.



-  Үнемі қандағы холестериннің деңгейін тексеріп отырыңыз. «Жаман» холестерин ағзада ерімей, жиналады да, тамырларда атеросклеротикалық түйіншектердің, яғни инфаркт немесе ишемиялық инсульттің пайда болуына әкеледі.



- Нервіңізді сақтаңыз. Эмоциялық күш түскенде сіздің жүрегіңіз белсенді, жылдам жұмыс істеуге және қанның 3-5 есеге артық құйылуына мәжбүр. Күлкі жүрек ауруларының болу қаупін қысқартады.



-  40 жастан кейін үнемі қандағы қанттың деңгейін тексеріп отырыңыз. Қант диабеті жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларының бірі болып табылады.



- Стимуляторларды қабылдауды шектеңіз. Оларға кофе (күніне 4 шыныдан көп емес), энергетикалық коктейльдер және басқа құрамында кофеині бар сусындар жатады. Осы сусындарды шамадан тыс мөлшерде қабылдау  ресурсты уақытынан бұрын шығара отырып, жүрегіңіздің қатты соғуына әкеледі.



-  Тістеріңізді үнемі бақылап отырыңыз. Тістің ауыруы жүрекке әсер ететіндігі дәлелденген. Ауыз қуысындағы бактериялар жүрек ауруларының туындау қаупін арттырады.



Есіңізде болсын, егер жүрегіңіздің тұсында ыңғайсыздық сезімі пайда болған жағдайда дереу кардиолог дәрігерге қаралыңыз.